Жаңару күніне орай Карахан кесенесі аумағына 50 түп ағаш отырғызылды. Оған «Ежелгі Тараз» музей-қорығы және мәдениет пен руханият саласының өкілдері қатысты.

Бұл іс-шара қаланың экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де үлес қосады. Себебі, тарихи орынның келбетін көркейтуге бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді. Игі іс-шараға жастармен қатар, қарттарымыз да үлестерін қосты. Қатысушылар табиғатты аялау – әр азаматтың міндеті екенін айтып, мұндай шаралардың маңыздылығына ерекше тоқталды.