Наурызнама онкүндігі аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты таулы-егерлі полкі Ұлттық спорт күнін атап өтті.Теріс-Ащыбұлақ полигонында өткен жауынгерлік дайындық ұлттық спортпен ұштасты.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тау-егерлі полкінің жауынгерлері үшін Ұлттық спорт күні – Наурызнаманы атап өтудің бір бөлігі ғана емес.Таулы-егерлі полкінің әскери қызметшілері үшін бұл бар күш-жігермен мықтап кірісетін дайындық. Мәселен, әскерилер Аударыспақ, Теңге алу, Қыз қуу сынды ұлттық ойындарды жауынгерлік әзірлікке енгізген. Әрине бұл тәжірибелі атты әскер үшін жай ғана қалыпты дүние.