Жамбыл ауданы аумағында «Наурызнама» 10 күндігі аясында тал егу акциясы өтті. Іс шараға аудан әкімі бастаған ардагерлер, жастар және барлық мекеме мамандары қатысты.

Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру, табиғатқа жанашырлықты арттыру. “Атадан мал қалғанша, тал қалсын” атты акцияда аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталды.