Көне шаһардың қақ төрінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтуде. Бүгін Тараз қаласындағы «Қазақ хандығына- 550 жыл» монументі маңында «Әулиеата төрінде – Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, Жамбылдықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Әулиеата ауданының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары арнайы қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Ақ кимешек киген аналар жиналған жұртты шашумен қарсы алып, ақжарма тілектерін арнады. Ал жиын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркін Солтыбаевтың батасымен бастау алды.