Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жастқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Игілікті шараны Су ресурстары және ирригация министірлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі бірлесіп өткізді. Тағлымы терең Республикалық бастама Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келіп, өз мәнін одан әрі айшықтай түсті.
Ауқымды акция аясында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен еліміздің су ресурстары және ирригация министірі Нұржан Нұржігітов Жамбыл ауданындағы «Жалғыз» тал бұлағының көзін ашып, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде өңір басшысы бұлақтың көзін ашу – ата – бабадан жеткен асыл аманат екенін айтты.