40-қа жуық киіз үй тігілген «Талбесік» этно ауылы аумағында Наурыз мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Әсем табиғат аясында орналасқан демалыс орнына жиналған тұрғындар мен қала қонақтарының қарасы қалың болды.
Мерекелік іс-шара барысында сахна төрінде ұлттық әндер шырқалып, өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, мың бұралған бишілер ұлттық билерді нақышына келтіріп, көрермен көзайымына айналды. Артынша ұлттық ойындар ойнатылып, жиналған жұртышылыққа наурыз көже тағамы тарту етілді.