Ұлы дала думанының дүбірі аудан, ауылдарда да жалғасты. Әз Наурыз дәстүрге сай кең көлемде аталып өтті. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұлықталды.

Шу ауданында Наурыз мейрамы қала мен аудан орталықтарының атшабар алаңдарында аталып өтті. Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтады. Салтанатқа жиылған жұрттың қарасы көп. Қазақ үйлер, алтыбақан тігіліп, театрланған көріністер көрсетіліп, концертік бағдарлама думанның ажарын аша түсті.. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен ойындар өткізіліп жеңімпаздар марапатталды.