Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көкдөнен ауылында жыл сайын наурыз тойы ерекше сән-салтанатымен аталып өтіледі. Биыл Ұлыстың Ұлы күнін өткізу эстафетасын осы ауылдың 1985 жылы туған түлектері алыпты. Туған жерге туыңды тік демекші ауыл азаматтары бәйге, арқан тартыс, дәстүрлі ойындар ұйымдастырып, дүбірлі той өткізді.

2000 – дай тұрғыны бар Көкдөнен ауылы ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан мекен. Әрі ауыл жастары да белсенді. Оны жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шаралардан да байқауға болады. Ауыл қариялары халықтың ынтымағы жарасып, тату- тәтті өмір сүргеніне қуанады. Ал, жастар болса ата жолын жалғап, ұлттық мұрамызды дәріптеп келеді.