Облыс аумағында бір тәулікте 750-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Аталған факт полиция департаменті мен прокуратура өкілдері бірлесіп ұйымдастырған рейдтік-іс шарада анықталды.

Қоғамның қауіпсіздігін күзетуге жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері мен полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Алдымен саптық алаңда жиналып, шараның маңызы түсіндірілді.