Таразда дәстүрге айналған футбол турнирі мәресіне жетті. Бес күнге созылған Темірлан Арзымбетовті еске алуға арналған додада 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер бақ сынады. Аталмыш сайыста Ақтөбе, Түркістан, Петропавл және Тараз қалаларынан сегіз команда қатысып, жас футболшылар өзара мықтыны анықтады.
Турнир қорытындысы бойынша бас жүлдені Ақтөбе облысының командасы жеңіп алды. Ал екінші орынды Түркістан облысы, Түлкібас ауданының жасөспірімдері иеленсе, үшінші орын Тараз қаласының «Ұлан-2012» командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды.