Елімізде проблемалық алимент істерінің саны 12 700-ге жетті. Олардың жалпы берешегі 18 миллиард теңге. Бұл туралы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков мәлімдеді. Былтыр мәжбүрлеп өндіру органдары 354 мың өтінішті қарастырып, оның 60 мыңы бойынша өндіріп алған. Мамандардың айтуынша, берешектің негізгі себептері — тұрақты жұмыстың болмауы және табысты жасыру. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар табысын әдейі төмендетіп көрсететін тұлғаларды анықтау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде.