Талас теміржол станциясында әскери техниканы платформаларға тиеу жұмыстары жүргізілді. Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригада Гвардейск гарнизонына оқу-жаттығуға аттануда. Сарбаздар Матыбұлақ полигонында тактикалық жаттығуларға қатысады.

Техникаларды тиеу күні теміржолдағы қалыпты жұмыс ырғағы әскери тәртіпке бағындырылды. КамАЗ жүк көліктері мен жаяу әскердің жауынгерлік машиналары кезек-кезек теміржол платформаларына орналастырылды. Техниканың сырылмай жетуі механик-жүргізушілердің шеберлігіне байланысты. Себебі құрам Гвардейск гарнизонына дейін шамамен 500 шақырым жол жүреді.