Балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Сондықтан көктемгі демалыс кезеңінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын- алу мақсатында құқық қорғау орғандары «Демалыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Жамбылда балаларды қараусыз жіберіп, дұрыс тәрбиеге баулымағаны үшін 23 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 4 мекеме иесіне шара қолданылды. Рейдтік іс-шаралар барысында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 122 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Бұдан бөлек,түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 8 жасөспірім тіркелді. Жасөспірімдердің ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін 8 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық есепке 6 жасөспірім және 9 қолайсыз отбасы қойылды. Ішкі істер органдарында есепте тұрған 73 жасөспірім мен 63 ата-ананың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізілді.