Таразда инвестициялық қаржысы 4 млрд теңгені құрайтын екі зауыт ашылды. Нақтырақ айтқанда мәрмәр ұнтағы мен құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын өндіріс ошағы 100 маманды жұмыспен қамтымақ. Қос өндіріс орны елімізде бірегей баламасыз кәсіпорын саналады. Зауыттың ашылу салтанатына аймақ атқамінерлері де арнайы қатысты.

Зауыттың ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, кәсіпорын өкілдері мен серіктестері қатысты. Жаңа өндіріс орындары өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, құрылыс саласының дамуына серпін бермек.