Бүгін еліміздің барлық аумағында IT мамандарының білімі мен біліктілігін анықтайтын «Decentrathon-5» байқауы өтуде. Жаңа форматтағы ауқымды хакатонға Тараздан 120 жас қатысып бақтарын сынауда.
Бұл байқау Қазақстанның 20 қаласында өтуде. Сондай-ақ, шетелдік жастар да онлайн қосылып өз білімдерін бәйгеге салуда. Жамбылдық жастарға «Zhambyl Hub» бағыт-бағдар көрсетуде. Білім сайысы 10 күнге созылады. Осы уақыт аралығында қатысушылар АІ, Blockcahin және Alem.plus бағыты бойынша таңдау жасап өз жобаларын ұсынады. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы берілетін болады.