Таразда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Әділет кеңес береді» атты тегін құқықтық кеңес беру акциясы өтті. Шараға 20-дан астам мемлекеттік орган өкілдері қатысып, тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар енді кезек күтіп, уақытпен санасып, полиция бөлімшесінің есігін қақпайды. Себебі қазір құқықтық кеңес беретін арнайы топтар құрылып, азаматтардың сұрақтарына жауап беруде. Мұнда адвокаттар, Нотариаттық палатаның өкілдері, жеке сот орындаушылар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиналып, тұрғындарға тегін көмек көрсетті.