2025-2026 оқу жылы аяқталды. Биыл Тараздағы мектептердің білім сапасы 66,7 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға өскен. Ал 137 түлек «Алтын белгіге», 220 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып отыр.

Биыл қаладағы 113 мектепте білім алған 96 мың 242 оқушы оқу жылын қорытындылады. Оның ішінде 5 мың 620 оқушы мектеп бітіруші атанса, 8 мың 442 оқушы 9-сыныпты тәмамдады. Тараздық оқушылар халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында 86 жүлделі орын иеленіп жақсы нәтиже көрсетіп отыр.