Жамбылдық шаруаларға жаңа мүмкіндік. Ала жаздай еңбекпен жиған өнімін сақтайтын қойма ашылды. Қоңыртөбе ауылында автоматтандырылған микроклимат бақылау жүйесімен жабдықталған нысанға 1 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Диқандарға қуаныш сыйлаған инвесторлар күзге салым 4 түліктің күйін баққан шаруалар үшін ет комбинатын іске қосуды да жоспарлап отыр.

Жобаны «TRZ Agro» ЖШС жүзеге асырған. Қойманың жалпы аумағы 1,5 гектарды құрайды. Ал ғимараттың көлемі 6 мың шаршы метр. Мұнда бір мезетте 12 мың тоннаға дейін көкөніс өнімін сақтауға мүмкіндік бар.Нысан толық автоматтандырылған микроклимат бақылау жүйесімен жабдықталуы – температура мен ылғалдылық деңгейін тұрақты бақылап, өнімнің сапасын ұзақ уақыт сақтауға жағдай жасайды. Қоймада 30-дан астам адам маусымдық жұмыспен қамтылмақ.