Қауіпсіздік бәрінен маңызды. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Түрксіб станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері вокзалдар мен пойыздарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында профилактикалық іс шаралар жүргізуде.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында темір жол бойында күн сайын профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Дрон құрылғысының көмегімен бақылау күшейтіліп, тұрғындарға темір жолдан белгіленбеген жерден өтпеу, жол маңында мал жаймау, қозғалыстағы пойызға жақындамау және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қоғам тыныштығы мен жолаушылар қауіпсіздігі – көліктегі полицияның басты назарында.