«Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат». Дәл осындай атаумен Шуда облыстық семинар өтті. Іс-шараның мақсаты ұлттық мұраны дәріптеу және жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру..
Тағылымды шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің өкілдері, Шу ауданы білім бөліміні және өзгеде аудандардан келген әдіскерлер сонымен қатар ата-аналар қатысты. Семинар аясында балабақша бүлдіршіндері өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көпшілік назарына ұсынды.