Қазір елімізде балаларды қорғауға арналған қазықты құрал -«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асып жатыр. Президенттің тапсырмасымен Үкімет бекіткен құжат 2026–2030 жылдарға арналған. Бағдарлама 158 іс-шараны қамтиды, ал оны жүзеге асыруға жалпы көлемі 1,3 трлн теңге қаржы қарастырылған. Оның аясында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қауіпсіздік сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мемлекет ең алдымен бала денсаулығына басты назар аударады. Сондықтан, сәби туғанға дейінгі патологиялардың алдын алуға және ерте анықтауға баса ден қойыла бастады. Соңғы бес жылда бұл секторды қаржыландыру 264-тен 585 млрд теңгеге дейін екі еседен астам өсті. Биыл жәрдемақы төлеуге 974 млрд теңге қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға артық.