Өткен оқу жылы ұстаздар мен оқушылар үшін сәтті аяқталды. Білім көкжиегінде бірқатар үздіктеріміз алдыңғы қатардан көрінді. Түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда Тараздық дарындар топ жарды. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде қала әкімі Бақытжан Орынбеков осы дарынды, білімді әрі талантты ұл-қыздарымен арнайы кездесті.

Тараздық дарынды оқушылар биылғы жылы халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 97 медальді иеленген. Оның ішінде 32 оқушы Алтын медальді қоржынға салыпты.