Жасөспірімдер арасындағы қылмыс, өз- өзіне қол жұмсау деректері мен жастар тәрбиесі, психологиясы - ең өзекті, ең маңызды мәселінің бірі. Тараздағы «Достық» үйінде 300- ге жуық психолог басқосып, жоғарыда аталған тақырып төңірегінде пікір алмасты. Өңірлік конгрес «Психология NEXT: Жасанды интеллект дәуіріндегі адам психикасы» тақырыбына арналды.
Конгрес барысында психологиялық қызметтің сапасын арттыру, цифрлық психолгияны дамыту, мектеп және ЖОО психолог жұмыстарын күшейту сынды мәселелер талқыланды. Келген қонақтар мен спикер ұсынысы тыңдалды.