Байзақ ауданында аудан әкімі Олжас Баққараев дарынды оқушылармен «OPEN TALK» атты еркін форматтағы кездесуі өтті. Тағылымды іс-шара Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының мәжіліс залында ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты — жастардың ой-өрісін кеңейту, олардың бастамалары мен идеяларын қолдау, білім мен шығармашылыққа қызығушылығын арттыру, сондай-ақ тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды. Жиында аудан әкімі оқушылармен еркін пікір алмасып, ізденуден жалықпауға және ауданның дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.