Жамбыл спорты тағы бір жүлдемен толықты. Бүгін Ветнамның, Дананг қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионатында Датқа Лесбек қола жүлдегер атанды. Жас палуанды жерлестері бүгін салтанатты түрде қарсы алды.
Жас палуандар арасындағы азия чемпионаты мамыр айының 23 мен 31 аралығында Ветнамда өткен. Енді міне, 48 келі салмақ дәрежесінде олжа салған Датқа Сейітханұлын жамбылдықтыра құрметпен күтіп алды.