Тараз қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай түрлі командалардан жиналған жас спортшылардың басын қосқан «ULAN CUP–2026» футбол турнирі өтті. Турнир тартысқа толы болып, балалар, ата-аналар және жанкүйерлер үшін нағыз мерекеге айналды.

Балаларды қорғау күні ұйымдастырылған турнир жас футболшылар мен олардың отбасылары үшін жарқын спорттық мереке болды. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және қатысушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.