Жамбыл облысы бойынша 1- маусымнан бастап 407 мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастады. Оған кез келген бала қатыса алады. Сонымен қтар, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан 31 967 баланы қамту жоспарланып отыр. Сәйкесінше, ерекше білімді қажет ететін балалар да өзгелермен тең дәрежеде демала алады. Ол үшін барлық жағдайлар жасалған.

Мектеп маңы бүгін думанды. Ертегі кейіпкерлері балаларға көтеріңкі көңіл сыйлап, Балалар әнұран айтып, лагерьдің салтанатты ашылуы ӨТТІ. Мұнда әр топ Қалауына қарай, ағылшын тілі курсы, шебер қолдар және жоба таймс үйірмелеріне қатысады.