Ауыл әйелі қалай табысты кәсіпкер бола алады? Осындай сауал жауабын саралаған форум Қордайда ұйымдастырылды. «Ауыл әйелі – ауыл экономикасы» тақырыбында өткен жиынға табысты жандар да қатысып, тәжірибе алмасып, мүмкіндіктер көкжиегі турасында ой қозғады.

Форум аясында алдымен ауданның іскер әйелдері мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы бұйымдар мен кәсіпкер әйелдердің өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Көрме қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.