Бүгін 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы барышын өтеп үйлеріне қайтты. Тараздағы Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімінде жас жауынгерлерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты жиында 9 сарбазға еліміздегі жоғары оқу орнына түсуге сертификат берілді.

Бұл сарбаздар бір жыл бойы күрделі әскери техникалардың қыр-сырын меңгеріп, қоғам мен халықтың тыныштығын көз ілмей күзетті. Қатал тәртіп пен қатаң талап жігіттерді ширатып, шымыр әрі ширақ қимылға үйретті. Әскерден аман-сау оралған сарбаздар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылмақ. Енді олар еліміздегі жоғары оқу орнына тегін түсуіне және әскери қызметін одан әрі жалғастыруына болады.