Әйгілі Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінде жылдамдық шегі 120 км/сағатқа дейін артты. Енді ақылы жолда қаншамен жүруге болады? Аралық қашықтықты бақылау бейнекамераларындағы уақыт неге ауыспады?
Бұл өзгеріс туралы Жамбыл облысы Полиция департаменті хабарлады. Ведомство мәліметінше, өзгеріс жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және қолайлы ауа райы жағдайына байланысты енгізілген.