Қордай ауданының атшабарында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу үшін облыстық ашық турнир өткізілді. Спорттың бірнеше түрі, атап айтқанда, бәйге, арқан тарту, гір тасын көтеру бойынша спортшылар өз шеберліктерін көрсетті.

Бұл шараның ұйымдастырылуы – біздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғыртып, жастар арасында ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Турнирдің негізгі мақсаты – қазақтың көшпенді мәдениетінің байлығын көрсетіп, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа әр ауылдан келген спортшылар, жасөспірімдер ӨЗ ШЕБЕРЛІКТЕРІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП бақ сынысты.