Негізгі Жаңалықтар Жазғы лагерьлер жұмысын бастады

Жазғы лагерьлер жұмысын бастады

Жазғы демалыста балалар тек демалып қана қоймайды. Еркін форматта түрлі үйірмелерге қатысып шеберлігін де шыңдайды. Бүгін Тараздағы Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияда ашық есік күні өтті. Іс-шарада жүздеген балалармен бірге ата-аналар каникулдың қызықты сәтін көру үшін мектептерге ағылды.

Жазғы демалыста мектепте қайта бс қосқан балалар мен ұстаздар бүгін көңілді. Мектеп әкімшілігі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін таң сәріден дайндалып, әсем ән мен би арқылы лагерге келушілерді күтіп алды. Балалар сыныпқа сабақ оқу үшін емес, түрлі үйірмелерде әр сәтін қызықты өткізу үшін асыға кірді.

Бөлісу