Тараз қаласында «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының «Өнер көзі – халықта» облыстық байқау-фестивалі басталды. Үш күнге жалғасатын мәдени шараға Жамбыл облысының аудан-қалаларынан келген 46 шығармашылық ұжым қатысуда. Фестиваль халық шығармашылығын дамытуға және өнер ұжымдарының кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.
Өнер мен мәдениеттің мерекесіне айналған фестиваль Тұрар Рысқұлов атындағы орталық саябақта өтуде. Мұнда ән мен күй, би мен ұлттық өнер тоғысып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Байқау барысында «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар ұжымдар өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық шеберліктерін көрсетуде.