Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ тіліндегі тұңғыш заңның авторы Әкім Ысқақпен кездесу өтті. Тағылымды басқосуда қоғам қайраткері өмір жолы, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі және ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытындағы еңбектері жөнінде әңгімелеп, қатысушылармен ашық пікір алмасты.

Кездесу барысында рухани мұра, ұрпақ тәрбиесі, елдік мүдде және қоғамдық жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалды. Жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Мазмұнды өткен шара жастар мен аға буын арасындағы сабақтастықты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын тағы бір мәрте айқындады.