Алматы облысының бюджетіне жыл сайын 100 млрд теңге кіріс кіреді. Соңғы төрт жылда аймақ қазынасы 2,5 есе ұлғайған. Тоғыз жолдың торабында орналасқан өңір қазір логистикадан бөлек фармацевтика сынды бұрын таңсық болған салаларды дамытуға мүдделі. Бүгін Президент аймаққа жұмыс сапарымен барып, экономикалық-әлеуметтік дамуымен танысты. Жиында Alatau City қаласының құрылысы биыл басталатыны айтылды.

Бес жылдан кейін біздің де өз Сингапурымыз болады. Арман болған Alatau City-дің құрылысы биыл басталмақ. 276 800 шаршы метр аумақты алатын жаңа шаһарда заманауи бизнес орталықтар, мәдени нысандар мен қонақүйлер бой көтереді. Ал, қақ ортадағы мына Iconic Towers криптоқаланың символына айналмақ.