Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригаданың жас сарбаздары алғашқы жауынгерлік дайындықтарын аяқтады. Олар «Айша бибі» полигонында алғашқы жауынгерлік оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Әскери шақыру комиссиялары көктемгі шақыруға жас жігіттерді іріктеумен айналысса, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5-механикаландырылған бригаданың сарбаздары жауынгерлік дайындықты аяқтады. Калашников автоматынан оқ ату сынағы жас сарбаздардың арасынан көптеген шебер атқыштарды анықтады. Жас жауынгерлер алғаш рет гранаталарды лақтырды. Окопта жатып, броньды көлікті жоғарыдан өткізіп, сосын оған шабуыл жасауы керек. Бұл қорқынышты жеңуді, мінезді қалыптастыруды және әскер өміріне толықтай үйретеді.