Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің арасында «ЖЫЛ МАМАНЫ-2026» байқауы өтті. Әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын бұл байқау, осымен сегізінші рет өткізіліп отыр. Ауқымды шараға аудандардан келген 35 жасқа дейінгі кітапхана қызметкерлері қатысты.
Кітап - өткеннің үні, болашақтың шамшырағы. Сондықтан кітапхана қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі ерек. Олар өздерінің кәсіби шеберліі мен шығармашылық қабілеттерін үнемі шыңдап отыру қажет. Өйткені заман талабы солай.