Жыры бітпеген жүргізуші куәлігі. 608-ші бапқа арыз-шағымдар көптеп түсуде. Аталған бапқа өзгеріс енгізу керек – дейді депутаттар. Анығын айтқанда бұл заң жүргізуші куәлігіне қатысты. Оның ішінде қымыз ішіп куәліктен айрылғандар бар, алкотестерді алып тастау керек деп тіл қатты мәжілісмендер.
Алкотестерде промилле нормадан жоғары болса, мамандар қорытындыда «масаң күйде» деп жазып береді. Жазасы — 7 жылға дейінгі мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру. Алкотестер тапсырудан бас тартса — 8 жыл. Ал Қымыз ішкендер де, асқазаны ауырып дәрі қабылдағандар да жүргізуші куәлігінен орынсыз айырылып жатыр дейді Мұрат Әбенов.