Бүгін Жамбыл облысына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен келді. Министр Тараздағы кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының жұмысымен танысты.

Министрді клиниканың негізін қалаушы және директоры, медицина ғылымдарының докторы Сейтхан Жошыбаев қарсы алды. Орталықтың негізгі қызмет бағыттары, жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи түрлері көрсетілді. Клиниканың алғыс кітабына жылы лебізін білдіріп, пікірін қалдырды.