Өнердің киелі бесігіне айналған “Бозторғай” ансамблінің құрылғанына 51 жыл толды. Жарты ғасырдан астам уақытта ұжым мыңдаған балғынның талабын ұштап, өнер әлеміне жолдама берді. Айтулы мерейтойды ансамбль әдеттегідей есептік концертпен атап өтті. Сахна төрінде ән мен бидің әсем өрнегі көрерменге ұсынылды.

Биыл өңірдегі ең танымал балалар шығармашылық ұжымдарының бірі – “Бозторғайдың”құрылғанына 51 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ансамбль өнерге құштар талай бүлдіршіннің қанатын қатайтып, шығармашылыққа жетелеген үлкен мектепке айналды.