Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шаралардан жастар да шет қалмады. Облыс орталығындағы белсенді жастар патриоттық акцияға қатысып, еліміздің Әнұранын бір мезетте орындады.

Іс-шараға «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Жастар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, ұлттық құндылықтарға, тәуелсіздік пен мемлекеттілікке деген құрметтерін білдірді.