Жамбыл ауданына қарасты Гродиково ауылы-татулық пен келісімнің жарқын үлгісі. Мұнда 7 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Ауыл халқының басым бөлігін түрлі этнос өкілдері құрағанымен, олардың мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетке деген құрметі ерекше. Соның бір дәлелі-дүнген жігітінің қазақтың қасиетті домбырасын насихаттап, жас ұрпаққа дәріс беруі.
Ариф Шамсутдинов дүңген этносының өкілі. Жастайынан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова сынды қазақтың әйгілі күйшілерін тындап, олардың шығармаларына қызығып өскен жан. Қазақ өнеріне деген сүйіспеншілік болашақ мамандығына айналған. Осы салада жеткен жетістіктері де баршылық.