Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан 34 жыл бұрын, 1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның Туы мен Елтаңбасы бекітіліп, егемен ел тарихындағы маңызды белес басталды.
Көгілдір Ту әлемге Қазақстан атты жаңа мемлекеттің бар екенін танытты. 1992 жылы суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік Ту бекітілді. Шаңырақ пен қос пырақ бейнеленген егемен елдің Елтаңбасы халқымыздың бірлігі мен тұтастығын айшықтады, ол қос сәулетші – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың ерен еңбегінің нәтижесі. Кейін, 2006 жылы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Мемлекеттік Әнұран ретінде қабылданды. Бүгінде бұл рәміздер – ел тәуелсіздігінің, ұлттық рух пен патриотизмнің басты нышаны. Мерекеге орай Таразда акция ұйымдастырылды. Қала көшелері мен белгілі ғимараттарға Мемлекеттік Ту ілініп, көк байрақ самал желмен бірге асқақтай желбіреп тұрды.