Бүгін еліміздің Ұлттық рәміздер мерекесі тойлануда. Бұл күні есімдері тәуелсіз Қазақстанның басты рәміздерімен байланысты тұлғаларға ерекше көңіл бөлінеді. Солардың бірегейі қазақ вальсінің патшасы, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовта. Оның есімі Тараздағы көше атауымен мәңгілікке жазылған.

Жібек жолы ауданында орналасқан Ш.Қалдаяқов көшесі, Қожаберген жырау көшесінен бастау алып, 94 ші үймен аяқталады. Ұзындығы 1,7 шақырым. Онда № 20 қоғамдық көлік қатынайды. Жергілікті тарихшы және мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссиясының мүшесі Әбдірахман Зайнұтдинов бұл көше 20 ғасырдың басында пайда болған, тыныш әрі жайлы көше дейді.