Өскелең ұрпақ та рәміздердің қадірі мен қасиетін өресіне тоқып өсіп келеді. Мемлекетшілдік мазмұндағы жиындарды білім ордаларында өткізу дәстүрге айналған.

«Рәміздер рухы – Конституция күші» тақырыбында өткен тәрбиелік іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру. Сонымен қатар мемлкеттің нышандардың тарихи және рухани маңызын терең түсіндіру, жас буынның бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.