Таразда моноспектакльдер бойынша республикалық театр фестиваль-байқауы өтуде. Фестиваль - байқау жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына және 27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылды.
Республикалық театр байқауы қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер - Асқар Тоқпановтың ескерткішіне гүл қою рәсімімен бастау алды.