Жамбыл облысының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кетті. Қазір өңір бойынша 10 мыңнан астам техника егіске дән себуді біртіндеп бастады.

Биылғы егіс көлемі 25,5 мың гектарға ұлғайтып 665 мың гектардан асып отыр. Әулиеаталықтар әсіресе жүгері, қант қызылшасы мен майлы дақылдар көлемін көбейтпек. Оның үстіне биыл жылына 300 мың тонна өнім өңдейтін жүгері өңдеу зауыты ашылмақ. Дихандарға демеу ретіне биыл 16 мың тоннаға жуық дизель отыны дайындалған. Жанармай литрі 208 теңгеден беріліп жатыр. Айта кетерлігі, отандық тыңайтқыш пен будан тұқымдарын сатып алған шаруалардың 60% шығыны мемлекет есебінен субсидияланады.