Наурыз мерекесі әлі де жалғасуда. Бүгін Тараздағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлыстың ұлы күні атап өтілді. Оған барша ардагерлер қауымы қатысып, ерекше көңіл күйге бөленді.

Ұлыстың ұлы күнін қариялар ерекше көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті. Мұнда әжелеріміз қазақы салт-дәстүрді дәріптесе, қазыналы қарияларымыз арқан тартып дәстүрлі спорттық ойындарды ойнады.