Тараздық оқушылар «Ақыртас» сарай кешеніне сапар шегіп, ерекше экспедицияға шықты. Қойнауына талай сыр бүккен кешенді аралады. Бұл бастама жас өлкетанушылардың тарихи-мәдени мұраны танып, зерттеуіне және сақтауына қызығушылық арттыру,- дейді ұйымдастырушылар.
«Кітапхана – тарихқа бастар жол» жобасы жас буынның туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, мәднеи мұраларды зерттеуге баулитын маңызды бастама.Іс-шара барысында қатысушыларға жобаның мақсаты, жүріп өтетін бағыттары туралы кеңінен ақпарат берілді.Қауіпсіздік ережелері де жіті түсіндірілді.