Тұрар Рысқұлов ауданында еңбек және спорт ардагері Орынбай Бекназаровтың жүлдесіне арналған ересектер арасында волейболдан аудандық чемпионат өтті. 14 команда қатысқан дода аса тартысқа толы бодды.

Орынбай Бекназаров Абай ауылының тумасы, құрметті ақсақалы. Ауылшаруашылығы сіңірген еңбегі үшін медельінің иегері. Ардагердің 70 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған жарыс жоғары деңгейде өтті. Ол дееуіміздің себебі Жамбыл облысының командаларынан бөлек, Алматы мен Шымкенттің құрмалары да ойын көркін қыздырды. Жарыстың жүлде қоры да қомақты, 1 милион теңгені құрады. Нәтижесінде, бірінші орынды Шымкенттің «БМЖ» құрмасы жеңіп алды. Екінші мен үшінші орынды Алматылық команда иеленді. Төртінші сатыдан Тараздық команда көрінді. Биыл бірінші мәрте өткізіліп отырған чемпионат келер жылы да жалғасын таппақ.